Qarzhy Bulak қаржылық денсаулық клубы

Басты бет » Жобалар мен іс-шаралар » Qarzhy Bulak қаржылық денсаулық клубы

Еуразиялық инвестициялық және қаржылық кеңесшілер қауымдастығы мен Almaty Management University (AlmaU) арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы қол қойылған меморандум шеңберінде Qarzhy Bulak қаржылық денсаулық клубының жұмысына ресми старт берілді, ол тұрақты жоспарлы негізде Алматы қаласының тұрғындары мен қаржылық сауаттылық тақырыбына қызығушылық танытқан барлық адамдар үшін қаржылық ағартудың ең өзекті мәселелері бойынша мамандардың сөз сөйлеуін ұйымдастыратын болады.

«Осы клуб аясында біз қаржылық сауаттылық және инвестициялық мәдениет саласындағы өз сараптамасымен бөлісетін, отандастарымыздың қаржылық денсаулығын нығайтуға оң әсер ететін түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыратын тексерілген мамандарды ұсынуды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы, мұндай кездесулер тұрақты негізде және тегін өткізілетін болады», — деп атап өтті EAIFA кеңесінің төрағасы Ермек Рүстембек-ұлы.

«Біз университеттің қаржылық білім беру және инвестициялық және қаржылық кеңесшілер қауымдастығымен серіктестік сияқты жаңа қызмет қырына ие болғанына өте қуаныштымыз. Мұндай қаржылық денсаулық клубын іске қосудың мақсаты жеке қаржыны сауатты басқару үшін қажетті ағартушылық ақпаратты жаппай таратуды қамтамасыз ету, азаматтарды қаржылық сауаттылық бойынша тегін білім алу мүмкіндіктеріне тарту, кәсіби қоғамдастықпен өзара іс — қимыл тәжірибесін басқа да мүдделі алаңдарға тарату болып табылады», — деп атап өтті Alma U университетінің ректоры Гүлнара Куренкеева. EAIFA және Alma U университеті өте мазмұнды және қызықты болуға уәде беретін клубтың іс-шаралар бағдарламасын әзірлей бастады.

Сайттын барлық құқықтары қорғалған. 2024