Миссия

Қауымдастық салада нақты, түсінікті, әділ «ойын ережелерін» әзірлеуге, қоғамның, мемлекет пен Қауымдастық мүшелерінің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және кәсіби қоғамдастықты дамытуға арналған тиімді диалог алаңы болып табылады.

Біздің Миссиямыз:

Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қорғау және барлық сала қатысушылары арасында тиімді өзара іс-қимыл мен пікір алмасуды ұйымдастыру арқылы олардың қызметі мен кәсіби дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. Халықтың әл-ауқаты мен қаржылық сауаттылығы деңгейінің өсуіне, экономикалық қуатты қоғамды қалыптастыруға, қаржы нарығының теңгерімді дамуына ықпал ететін, көрсетілетін кәсіби қызметтердің сапасын арттыруға жан-жақты көмек көрсету.

Біздің миссиямызды жүзеге асыру үшін біз Қауымдастықтың 2023-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясын әзірледік, оны мына жерден таба аласыз.

 

Сайттын барлық құқықтары қорғалған. 2024