«Emerging markets-2023» конференциясы

Басты бет » Жаңалықтар » «Emerging markets-2023» конференциясы

2023 жылдың 3 қазанында «Emerging markets-2023 Дамушы нарықтардағы инвестициялық мүмкіндіктер» атты бірінші онлайн конференциясы өтті және оның ұйымдастырушылары ретінде Еуразиялық инвестициялық және қаржылық кеңесшілер қауымдастығы, ITS халықаралық өтімділік хабы және қаржылық жоспарлау мамандарының Ұлттық қауымдастығы (Мәскеу қ.) болды. Конференцияда қаржы нарықтарының өкілдері сөз сөйледі: ірі компаниялардың топ-менеджерлері және Вьетнам, Малайзия, Индонезия, Филиппин, Таиланд, Қазақстан, Ресей және басқа елдердің сарапшылары. Бірегей конференция қатысушыларға әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қор нарықтарындағы нақты жағдайды зерделеуге, осы нарықтардағы инвестициялардың перспективалары туралы өз пікірін қалыптастыруға, барынша инвестициялық әлеуеті бар нарықтардың көлемдерімен, негізгі эмитенттерімен және динамикасымен танысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар жас экономикалардың акцияларының бірнеше есе өсуінен іс жүзінде ақша табу оңай ма, жоқ па, соны бағалау үшін шетелдік инвесторлар үшін нарыққа қол жеткізу ережелерін білді.

Конференцияда сөз сөйледі:

  • Luu Tuong Bach, Aptus Capital Start-Up Fund Management (Вьетнам) негізін қалаушы
  • Ziyaad Mahomed, Social Finance Excellence орталығының жетекші зерттеушісі және INCEIF университетінің (Малайзия) онлайн бағдарламаларының жетекшісі
  • Sukit Jaratchaiwanna, Krungsri Capital Securities Company (Тайланд)өзара қор бөлімшесінің басшысы
  • Джонатан Равелас, eManagement for Business and Marketing services басқарушы директоры, (Филлипиндер)
  • Subash Bhandari, Money Mitra қаржы платформасының талдаушысы, Corporate Finance Institute (Непал)
  • Josua Pardede, Permatabank (Индонезия) бас экономисі
  • Александр Диаковский, ITS басқарушы директоры (Қазақстан)
  • Шыңғыс Қанапьянов, CEO ITS (Қазақстан)
  • Людмила Репникова, «Жинақ және Инвестиция» жобасының салық кеңесшісі
  • Владимир Савенок, LK Finance (Алматы) компаниясының директоры, жеке қаржы туралы 13 кітаптың авторы.

Бейне сілтемесі

 

Сайттын барлық құқықтары қорғалған. 2024