«ALMA Fin» қаржылық сауаттылық апталығы

Басты бет » Жобалар мен іс-шаралар » «ALMA Fin» қаржылық сауаттылық апталығы

2023 жылғы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Alma U Халықаралық бизнес университетінің жанындағы Qaynar Bulak Partners Hub Қоғамдық қалалық кеңістігінде Еуразиялық инвестициялық және қаржылық кеңесшілер қауымдастығы (EAIFA) ұйымдастырған AlmaFin-2023 қаржылық сауаттылық апталығы өтті.

Бір апта ішінде барлық ниет білдірушілер аккредиттелген сарапшылардың жеке қаржыға қатысты дәрістерін тыңдай алды, сонымен қатар қазіргі әлемде ақшаның қалай жұмыс істейтіні туралы көп нәрсе біле алды. Тыңдаушылардан басқа, аптаның көптеген қатысушылары Қостанай, Орал, Семей, Астана, Жаңаөзен, Шымкент, Атырау, Ақтау және Құлсары сияқты қалалардан, сондай — ақ Қырғызстаннан келген студенттер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер, қала тұрғындары онлайн дәрістерге қосылды… AlmaFin-2023 қаржылық сауаттылық апталығы Eaifa мен ALMA U университеті арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.

Толығырақ: «Қаржы денсаулық» Telegram каналында

Сайттын барлық құқықтары қорғалған. 2024