Астанада Digital Business Day 2.0 іскерлік форумы өтті

Басты бет » Жаңалықтар » Астанада Digital Business Day 2.0 іскерлік форумы өтті

2022 жылғы 6 сәуірде Астанада Digital Business Day 2.0 іскерлік форумы өтті, оның барысында мемлекеттік сектор мен ІТ-қоғамдастық өкілдері, венчурлік қорлар мен бизнес-акселераторлардың басшылары Қазақстан Республикасындағы инновациялық технологиялар мен FinTech, Big Data, Artificial Intelligence, Digital marketing, Blockchain және криптоиндустрияны талқылады. Форум барысында Еуразиялық инвестициялық және қаржылық кеңесшілер Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Ермек Рүстембек-ұлы цифрлық технологиялардың кеңінен интеграциялануы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығын дамыту тақырыбында пікірталас пленарлық сессиясын өткізді. Сессияға Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, сондай-ақ қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басшы қызметкерлері қатысты.

Сайттын барлық құқықтары қорғалған. 2024